«ARCADA» компаниялар тобы — Қазақстандағы коммерциялық жылжымайтын мүлік сегментінде жұмыс істейтін девелоперлік компания. Біз нысандарды тұжырымдама мен жобалаудан бастап құрылыс жүргізу, пайдалануға беру және дайын нысандарды басқаруға дейінгі барлық кезеңде сүйемелдейміз. Біздің нысандарымыз Астана, Алматы, Қарағанды және Қостанайдың қалалық ортасының бір бөлігіне айналды. Өңірдің жетекші ритейлерлері бізді процестердің болжамдылығы, келісімдердің ашықтығы және экономикалық негізділігі үшін таңдайды. «ARCADA» компаниялар тобы қалалардың дамуына үлес қосады: жұмыс орындарын ашады, сапалы коммерциялық инфрақұрылым қалыптастырады және өңірлік орталықтардың әлеуетін арттырады.
«Asia Park» сауда-ойын-сауық орталығы, Астана қаласы
«MART» сауда-ойын-сауық орталығы, Алматы қаласы
«Asia Park» сауда-ойын-сауық орталығы, Алматы қаласы
«City Kostanai» бизнес-орталығы, Қостанай қаласы
«ЦУМ» сауда орталығы, Қарағанды қаласы
«Алтын Арба» сауда-фермерлік орталығы, Қарағанды қаласы
«ЦУМ» сауда орталығы, Қостанай қаласы
«MART» сауда-ойын-сауық орталығы, Қостанай қаласы
«Cosmonaut» бес жұлдызды қонақүй кешені, Қарағанды қаласы
Команда
Біз клиенттеріміз бен серіктестерімізге арналған қызметтер мен кеңістіктерді күн сайын жетілдіруге ұмтыламыз.
2026 жылғы қыркүйекте ARCADA көпфункционалды кешенді жапсарлата салу арқылы «Asia Park» сауда-ойын-сауық кешенін ауқымды реконструкциялау жобасын іске асыруға кірісті.
Жаңа Cosmo Garden банкет кеңістігінің ашылуы — ARCADA компаниясы соңғы жылдары кезең-кезеңімен жаңғыртып, дамытып келе жатқан «Cosmonaut» қонақүй кешенін реконструкциялау жұмыстарының келесі кезеңі.
ARCADA компаниясының жобасы болып табылатын «Asia Park» сауда-ойын-сауық орталығында әлемге әйгілі джинсы киім брендтерінің бірі — Levi’s дүкені ашылды.
Жұмадан жексенбіге дейін үш күн бойы «Zhuldyz» қонақтарды дегустациялар, мерекелік көңіл күй мен жанды музыка ұсынылған салтанатты ашылу рәсіміне шақырды.
2026 жылғы қыркүйекте ARCADA жалпы ауданы 135 000 м² болатын көпфункционалды кешенді жапсарлата салу арқылы «Asia Park» сауда-ойын-сауық кешенін ауқымды реконструкциялау жобасын іске асыруға кірісті. Жоба сауда-ойын-сауық орталығы мен А класындағы бизнес-орталықты біріктіріп, іскерлік қызметке, демалыс пен қарым-қатынасқа арналған заманауи кеңістік қалыптастырады. Жобалау кезінде ғимараттардың энергия тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға әсерін азайтуға бағытталған BREEAM халықаралық экологиялық бағалау жүйесінің талаптары ескеріледі. «Asia Park» — болашаққа бағдарланған елорда Астананың даму қарқынын көрсететін жоба. Озық технологиялар, экологиялық стандарттар мен жан-жақты ойластырылған қалалық орта қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа буын кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Құрылысты 2029 жылы аяқтау жоспарланып отыр.